Фотогалерея


Электораттық оқыту жөніндегі пилоттық жоба

2019 жылғы 15 сәуірде ҚР ОСК-ның «Сайлау комиссиялары мүшелері мен сайлау процесінің басқа да қатысушыларын оқытуды ұйымдастыру туралы» мәселесі бойынша ашық отырысы өтті


ҚР ОСК-ның 2019 жылғы 15 сәуірдегі №13/240 қаулысымен Сайлау комиссияларының барлық деңгейдегі мүшелерін оқытуды ұйымдастыру жоспары бекітіліп, сайлау комиссиялары құрамын оқыту мерзімдері, оның ішінде аумақтық сайлау комиссияларын – сәуір айының, учаскелік сайлау комиссияларын – мамыр айының соңына дейін оқыту белгіленді.

Сайлау науқанына әдістемелік құралдар мен ақпараттық-түсіндірмелік материалдар тізбесі, оларды дайындау, шығару және жеткізу мерзімдері бекітілді.