28.03.2023 17:30 |
![]() |
Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісінің VIII
сайланымы депутаттарын тіркеді
2023 жылғы 28 наурызда Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Парламент Мәжілісінің VIII сайланымы депутаттарын тіркеу мәселесі бойынша Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті.
Отырысқа Парламент Мәжілісінің сайланған депутаттары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Отырыс ОСК интернет-ресурсында көрсетілді.
Отырысты аша отырып, Нұрлан Әбдіров Парламент депутаттарының кезектен тыс сайлауы өткен жылдың маусым айында республикалық референдумда жалпыхалықтық дауыс беруден басталған үлкен сайлау циклін аяқтайтынын айтты.
Сайлауды өткізудің жаңа форматы азаматтардың саяси процеске қатысу мүмкіндіктерін едәуір кеңейтті және тұтастай сайлау саласын жандандырды.
Парламент Мәжілісінің барлық 98 депутаты тікелей сайлау құқығы негізінде сайланды, яғни тікелей азаматтар сайлады.
Ол сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 24-бабына сәйкес Парламент депутатының өкілеттігі оны Орталық сайлау комиссиясы Парламент депутаты ретінде тіркеген кезден басталатынын атап өтті.
Парламент Мәжілісінің VIII сайланымы депутаттарын тіркеу туралы Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII сайланымы депутаттарын тіркеу мәселесі бойынша тиісті шешімдердің жобаларын әзірлегенін хабарлаған ОСК хатшысы Мұхтар Ерман баяндама жасады. Осылайша, ОСК қаулыларына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII сайланымының 98 депутаты тіркелді. Оның ішінде тіркелген алты саяси партияның партиялық тізімдері бойынша 69 депутат («AMANAT» партиясы - 40, Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясы - 6, «Ауыл» партиясы - 8, Қазақстан Халық партиясы - 5, «Respublica» партиясы - 6 және ЖСДП - 4 депутат) және 29 депутат бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланды.
ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіров депутаттарға республиканың жоғары өкілді органында ел игілігі үшін жемісті жұмыс тілей отырып, куәліктер мен төсбелгілерді табыс етті.