19.11.2022 10:30 |
![]() |
ҚР ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіров шет мемлекеттердің Орталық
сайлау органдарының өкілдерімен кездесті
Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы қарсаңында 2022 жылғы 19 қарашада Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының шет мемлекеттердің Орталық сайлау органдарының өкілдерімен кездесуі өтті.
Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізуді байқауға Өзбекстан - Зайниддин Низамходжаев, Әзірбайжан - Мазаир Панахов, Қырғызстан - Нұржан Шайлдабекова, Армения - Ваагн Овакимян, Тәжікстан - Бахтиер Худоерзода, Түрікменстан - Гүлмұрад Мұрадов Орталық сайлау комиссиялары Төрағалары келді.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров өз сөзінде кездесудің барлық қатысушыларына Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын байқауға қатысуға шақыруды қабылдағаны үшін алғыс айтты. Кездесу шеңберінде ол оларды сайлау учаскелерінің санымен, сондай-ақ олардың дауыс беру күніне дайындығымен, сайлаушылардың жалпы санымен және дайындалған бюллетеньдер санымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына аккредиттелген халықаралық байқаушылар туралы таныстырды.
Кездесу барысында ҚР ОСК Төрағасының орынбасары Константин Петров сөз сөйледі, ол халықаралық байқаушыларға Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында дауыс берудің ерекшеліктері туралы ақпарат берді.
Кездесу соңында шет мемлекеттердің Орталық сайлау комиссияларының Төрағалары Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын ұйымдастырудың жоғары деңгейін атап өтті, сондай-ақ ҚР ОСК мүшелеріне сайлау науқанын өткізуде табыс тіледі.