24.06.2021 16:30 |
![]() |
24 маусым күні Ортсайлаукомның ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері жөніндегі отырысы өтті
Отырысқа мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, Бас прокуратураның, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, әділет, қаржы, ішкі істер министрліктерінің, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының, Денсаулық сақтау министрлігінің, сондай-ақ саяси партиялардың өкілдері, бейнеконференциябайланыс режимінде облыстардың аумақтық сайлау комиссиялары, онлайн режимінде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысуда.
Отырыстың екінші бөлімінде келесі мәселелер қаралды:
5. Қазақстан Республикасы аудандық маңызы бар қалаларының, ауылдарының, кенттерінің, ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауды қаржыландыру туралы, оның ішінде кандидаттардың шығыстары мәселелері бойынша;
6. Ауылдық деңгейдегі әкімдерді сайлау жөніндегі науқан кезеңінде электораттық оқытуды ұйымдастыру туралы және «Қазақстан Республикасы аудандық маңызы бар қалаларының, ауылдарының, кенттерінің, ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау: сайлау процесінің құқықтық негіздері және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» оқу-әдістемелік кешені туралы;
7. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды ұйымдастыру және өткізу кезінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы;
8. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды өткізу кезінде Қазақстан Республикасы аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттерімен жұмыс істеу және оларды сүйемелдеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы.
Күн тәртібіндегі бесінші мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сабила Мұстафина баяндама жасады.
Ол 2021 жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда Ортсайлаукомға мерзімнен бұрын сайлау өткізуді ескере отырып аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды қамтамасыз етуге және өткізуге ағымдағы жылдың соңына дейін 4,7 млрд.теңге сомасында шығыстар көзделген.
Содай-ақ, «Сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес мемлекет кандидаттарға өз бағдарламаларымен бұқаралық ақпарат құралдарында төлем жасау үшін қаражаттың тең бөлінуіне кепілдік береді.
Осылайша кандидаттарға өз бағдарламаларымен бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу үшін қаражат бөлудің тең көлеміне: теледидарда (тікелей эфирде немесе жазбада) - 15 минут, радиода 10 минут, мерзімді баспа басылымдарында немесе екі мақаланы желілік басылымдарда жариялау үшін 0,1 баспа парағынан аспайтын мөлшерде қаражат бөлуге кепілдік береді.
Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдігіне кандидаттарға кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарына сөз сөйлеуіне, сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізуге және үгіт материалдарын шығаруға бөлінетін шығыстардың мөлшерін, көлік шығыстарын тиісті облыстық сайлау комиссиясы айқындайды.
Бюджетте ауыл, кент, ауылдық округ әкімдігіне кандидаттардың сайлау алдындағы үгітті жүргізуге бір кандидатқа 220 мың теңге және аудандық маңызы бар қала әкімдігіне кандидат үшін 230 мың теңге есебінен кандидаттық шығыстар, үй-жайды жалға алу шығыстарындағы айырма көзделген.
Қаражат қаржыландыру жоспарына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың шоттары арқылы 14 облыс арасында бөлінетін болады. Өз кезегінде облыстық аумақтық сайлау комиссиялары қаражатты ауыл әкімдерін сайлауды өткізу жоспарланған аудандарға ғана бөлетін болады.
Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды қаржыландыру үшін шоттан қаражат жұмсау аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының шешімі бойынша жүргізіледі.
Сайлау комиссияларының төрағалары ақшалай қаражатқа билік етеді және қаржылық құжаттардың қаржы мәселелері бойынша сайлау комиссияларының шешімдеріне сәйкестігі үшін тікелей жауапты болады.
Отырыстың алтыншы мәселесі бойынша Ортсайлауком аппаратының электоралдық оқытуды ұйымдастыру және талдау бөлімінің меңгерушісі Махаббат Бөлеева баяндама жасады.
Ол Ортсайлауком аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауға дайындық кезінде электораттық оқытуды ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекіткені туралы хабарлады.
Жоспар 14 облыстың әрқайсысында Электораттық оқытудың кезеңдік жоспарларын әзірлеу үшін негіз ретінде облыстық Тик-ке жіберілді. Электораттық оқытуды ұйымдастыру мен өткізу жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Ауылдық деңгейдегі әкімдерді сайлау жөніндегі алдағы науқанға дайындық шеңберінде Ортсайлауком электораттық оқыту іс-шараларының кезеңдік кешенін іске асыруды бастады.
Орталық деңгейде – Ортсайлауком облыстық және аудандық аумақтық сайлау комиссияларының босатылған мүшелері үшін республикалық семинар-кеңес өткізді. Бұл семинар жұмысына облыс әкімі аппараттарының басшылары, ішкі саясат басқармаларының басшылары қатысты.
Өңірлік деңгейде – ағымдағы жылдың маусым айында аудандық деңгейдегі Аумақтық сайлау комиссиялары үшін каскадты оқытудың жалғасы ретінде облыстық аумақтық сайлау комиссиялары ұйымдастырған оқыту семинарларының сериясы өткізілді. Бүгінгі таңда өңірлерде 32 семинар өткізілді, оның барысында 3000-нан астам сайлау процесін ұйымдастырушылар оқытылды.
Сайлау процесін ұйымдастыру мен электоралдық оқытуды мониторингтеу мақсатында өңірлік семинарларға қатысу үшін ОСК мүшелері мен аппарат қызметкерлерінің 8 облысқа шығуы жүзеге асырылды. Облыстық оқыту семинарларына аудан әкімдері және олардың әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарлары, аудан әкімдері аппараттарының, ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, МҚІА, ҰҚК, прокуратура, ІІД, Әділет, көші-қон қызметі, әлеуметтік қорғау басқармаларының өкілдері, саяси партиялардың облыстық филиалдарының және БАҚ өкілдері қатысты.
М. Бөлеева өңірлер бойынша облыстық семинар-кеңестерден кейін мемлекеттік басқару академиясының өңірлік филиалдарының базасында Аумақтық сайлау комиссияларының және Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған оқыту курстары басталғанын атап өтті.
Электораттық оқытуды ұйымдастырудың жеке бағыты – тұрақты түрде Аумақтық сайлау комиссияларының босатылған мүшелеріне арналған бейнеконференцбайланыс арқылы өткізілетін ОСК-ның семинарлары болып табылады. А.ж. маусымда алдағы сайлау науқанына дайындық барысында сайлау комиссиялары қызметінің практикалық және ұйымдастырушылық аспектілеріне арналған үш бейнеконференциябайланыс арқылы оқыту семинары өткізілді
Бұдан басқа Ортсайлауком Инженерлік-техникалық орталықпен бірлесіп ОСК-ның интернет-ресурсында орналастырылған «Сайлау саласының кадрларын қашықтықтан оқыту және тестілеу» интерактивті оқыту жүйесін жаңғырту бойынша шараларды іске асырды.
Орталық сайлау комиссиясының тапсырысы бойынша 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау процесінің құқықтық негіздеріне оқыту және Қазақстан Республикасы аудандық маңызы бар қалаларының, ауылдарының, кенттерінің, ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауын өткізу кезінде сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру мақсатында оқу-әдістемелік кешенді кәсіби әзірлеу және сынақтан өткізу жүзеге асырылды.
Күн тәртібінің жетінші мәселесі бойынша денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова сөз сөйледі.
Ол отырысқа қатысушыларға аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды ұйымдастыру және өткізу кезінде Covid-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу алгоритмін ұсынды.
Алгоритмге сәйкес сайлау процесінің барлық қатысушыларына сайлау науқанының барлық кезеңдерінде, сондай-ақ дауыс беру күні мыналар қажет:
1) бір реттік медициналық немесе қорғаныш маскаларын (бұдан әрі - маскалар) кию режимін сақтау міндетті;
2) қолды дезинфекциялау үшін антисептикалық құралдарды пайдалануға жол берілмейді;
3) адамдар арасындағы әлеуметтік қашықтықты сақтау – бір-бірінен кемінде 1,5-2 метр;
4) қол алысудан немесе тікелей байланыстың басқа да түрлерінен аулақ болу.
Сайлау алдындағы үгіт іс-шараларын теледидар, радио, баспа басылымдарын, интернет-ресурстарды пайдалана отырып, онлайн режимінде өткізу ұсынылады.
Дауыс беру күні сайлау комиссияларының мүшелері, сенім білдірілген адамдар, байқаушылар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері сайлау учаскесіне вакцинация паспорты болған кезде жіберіледі. Вакцинация үшін медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайда берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттің теріс нәтижесі болған кезде жол беріледі.
Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды ұйымдастыру және өткізу кезінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі алгоритм туралы қаулы Ортсайлауком хаттамасымен келісілді.
Отырыс күн тәртібінің қорытынды мәселесі бойынша Ортсайлауком мүшесі Анастасия Щегорцова баяндама жасады.
Оның баяндамасына сәйкес ауыл әкімдерін сайлау жөніндегі сайлау науқаны кезеңінде аумақтық сайлау комиссиялары ақпараттың иеленушілері болып табылады және тиісінше олар ақпараттың негізгі көзі.
Сайлау заңнамасында сайлау комиссиялары жалпыға қолжетімді телекоммуникациялық желілерде орналастырылатын өз шешімдерімен барлық адамдардың еркін танысуын қамтамасыз етуге тиіс деп белгіленген. Сондықтан аумақтық сайлау комиссияларының интернет-парақтары негізгі ақпараттық арна болып табылады.
Ақпараттық қамтамасыз ету процесін жетілдіру, сондай-ақ аумақтық сайлау комиссияларының сайлау науқанының кезеңдерін жария етуге бірыңғай тәсілдерін тұжырымдау мақсатында Ортсайлауком аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды өткізу кезінде Қазақстан Республикасы аумақтық сайлау комиссияларының жұмыс істеуі және интернет-парақтарын сүйемелдеу жөніндегі нұсқаулықты дайындады.
Нұсқаулық аумақтық сайлау комиссияларының интернет-парақтарды толтырудың бірыңғай форматы, ақпаратты орналастыру мерзімдері мен мазмұны бойынша бірыңғай жұмыс алгоритмін көздейді.
Нұсқаулықта интернет-беттердің құрылымы, сондай-ақ жариялануға жататын әкімдерді сайлау жөніндегі ақпараттық материалдардың тізбесі айқындалған. Бұл тізбе сайлау комиссияларының барлық шешімдері мен хабарламаларын жариялауды, сондай-ақ сайлау комиссияларының қызметі мен сайлау науқанының барысы туралы өзге де ақпараттық материалдарды көздейді.
А.Щегорцова сайлау заңнамасының нормалары негізінде қабылданған Аумақтық сайлау комиссияларының барлық шешімдері тиісті Аумақтық сайлау комиссиясының интернет-беттерінде міндетті түрде заңда белгіленген мерзімде орналастырылатынын атап өтті.
Нұсқаулықта кандидаттарды тіркеу қорытындылары мен сайлау қорытындылары туралы ақпарат тек аудандық және қалалық деңгейлерде ғана емес, сонымен қатар облыстық және республикалық деңгейлерде де облыстық Аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттері мен Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсы арқылы ұсынылып, жинақталатын болады.
Осылайша, Ортсайлауком отырысында қаралған сегіз мәселе бойынша ОСК-ның үш қаулысы қабылданды:
1. «Қазақстан Республикасы аудандық маңызы бар қалаларының, ауылдарының, кенттерінің, ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгі күнтізбелік жоспарын бекіту туралы»;
2. «Қазақстан Республикасы аудандық маңызы бар қалаларының, ауылдарының, кенттерінің, ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау жөніндегі сайлау құжаттарының нысандарын белгілеу туралы»;
3. «Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды өткізу кезінде Қазақстан Республикасы аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттерімен жұмыс істеу және оларды сүйемелдеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы».
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел. 75-21-03, 75-23-69
a.khusainova@election.gov.kz
v.zheksembekova@election.gov.kz