18.11.2019 15:30 |
![]() |
Қазақстан Республикасы ОСК Төрағасы Б. Имашев 2019 жылғы 17 қарашада Беларусь Республикасындағы парламенттік сайлауды байқауға қатысты
Беларусь Республикасы ОСК-ның шақыруымен Қазақстан Республикасы ОСК Төрағасы Берік Имашев 2019 жылғы 17 қарашада Беларусь Республикасы Ұлттық Жиналысы Өкілдері палатасының депутаттарын сайлауды байқауға қатысты.
2019 жылғы 16 қарашада Берік Имашев шет мемлекеттердің сайлау органдары басшыларының Беларусь Республикасы сайлау және республикалық референдумдар өткізу жөніндегі Орталық комиссиясының басшылығымен жалпы кездесуіне қатысты. Кездесу барысында Беларусь Республикасы Ортсайлаукомының басшысы Лидия Ермошина халықаралық байқаушыларды ағымдағы сайлау науқанының негізгі кезеңдері, сайлауға дайындық және оны өткізу, сондай-ақ осы сайлаудың ерекшеліктері туралы хабардар етті.
2019 жылғы 17 қарашада, сайлау күні ҚР ОСК өкілдері Минск қ. сайлау учаскелерінің ашылуын, дауыс беру барысын, дауыстарды санау және сайлау нәтижелерін есептеу нәтижелерін бақылау үшін бірқатар сайлау учаскелеріне барды.
2019 жылғы 18 қарашада Берік Имашев ТМД байқаушылары миссиясының 2019 жылғы 17 қарашада өткен Беларусь Республикасы Ұлттық Жиналысы Өкілдері палатасының депутаттарын сайлаудағы жұмысының нәтижелеріне арналған баспасөз конференциясына қатысты.
Жоғарыда аталған сайлауды байқауға Қазақстан Республикасының 81 өкілі қатысты, олардың 2-і Беларусь Республикасы ОСК-ның шақыруы бойынша, 76- ТМД байқаушылары миссиясының құрамында, 3 - ЕҚЫҰ/ДИАҚБ сайлауды байқау миссиясының құрамында, сондай-ақ ТМД ПАА және ЕҚЫҰ ПА делегациясының құрамында Қазақстан Республикасы Парламентінің өкілдері қатысты.