11.11.2019 16:00 |
![]() |
2019 жылғы 17 қарашадағы Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысы Өкілдері палатасы депутаттарының сайлауына Қазақстан Республикасынан жіберілетін байқаушылардың тізімі бекітілді
2019 жылғы 11 қарашада Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті. 2019 жылғы 17 қарашадағы Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысы Өкілдері палатасы депутаттарының сайлауына Қазақстан Республикасынан жіберілетін байқаушылардың тізімін бекіту туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Геннадьевна Щегорцова баяндама жасады.
Бақылаушылар тізімінде барлығы 81 адам:
- 2-Беларусь Республикасы ОСК шақыруы бойынша;
- 76-ТМД-дан бақылаушылар миссиясының құрамында;
- 3-сайлауды бақылау жөніндегі ЕҚЫҰ / ДИАҚБ Миссиясының құрамында.
Жіберілетін кандидатуралардың жалпы санынан 61 бақылаушы (80,2%) Қазақстан Республикасының өңірлерін барады.
Комиссияның бекітуіне шығарылған бақылаушылардың жалпы тізімінде орталық мемлекеттік органдардың, Президент Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшілігінің, жергілікті атқарушы органдардың, аумақтық сайлау комиссияларының, мәслихаттардың, саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың өкілдері бар.
Сондай-ақ алдағы өтетін Беларусь Республикасы Ұлттық Жиналысының Өкілдер Палатасы депутаттарының сайлауын байқауға Парламенттік арна бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінен 4 өкіл қатысады, яғни олар ТМД Парламентаралық Ассамблеясы (2 адам) және ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы (2 адам) делегациясының құрамында қатысатын болады.
Естеріңізге сала кетейік, 17 қарашада Беларусь Республикасында Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысы Өкілдер палатасының депутаттығына кандидаттар үшін халықаралық дауыс беру өтеді.