18.09.2019 17:00 |
![]() |
Қазақстандық студент басқарған ТМД елдерінің құрама командасы зияткерлік бәсекеде жеңіске жетті
Халықаралық Демократия күні аясында а.ж. 16 қыркүйекте Санкт-Петербург қаласында Қазақстан делегациясының қатысуымен «ТМД ПАА қатысушы мемлекеттерде парламентаризмді дамыту» тақырыбында ғылыми пікірталастар нысанында халықаралық конференция өтті. Конференцияны Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Парламентаралық Ассамблеясы (бұдан әрі – ТМД ПАА) Кеңесінің Хатшылығы және Демократияны, парламентаризмді дамытуды мониторингтеу және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Парламентаралық Ассамблеясына қатысушы мемлекеттер азаматтарының сайлау құқықтарын сақтау халықаралық институты (бұдан әрі – ТМД ПАА ДДМХИ) ұйымдастырды.
Ғылыми дебаттарға екі құрама команда қатысты. Бірінші командаға ағымдағы жылдың көктемінде ТМД-ға ПАА қатысушы мемлекеттердің жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткізілген ұлттық кезеңінің жеңімпаздары, ал екінші команданың құрамына Санкт-Петербург қаласы мен Ленинград облысы жоғары оқу орындары студенттерінің арасында өткен викторинаның жүлдегерлері енді.
Қарсыластар үш кезеңде тәжірибелік демократияны дамыту, мемлекеттік басқарудың парламенттік немесе президенттік түрлерінің артықшылығы, сондай-ақ қазіргі кезде әлемде экономикалық және саяси бірігу мәселелері бойынша пікірлерін білдірді.
Конференция нәтижесі бойынша Халықаралық ғылыми пікірталастардың жеңімпазы болып Қазақ-орыс халықаралық университетінің студенті Роман Есеналин капитан ретінде басқарған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрама командасы танылды.
Сондай-ақ, пікірталастардың халықаралық сарапшылар тобы интерактивті блиц-сауалнаманың нәтижесі бойынша Каспий қоғамдық университеті мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері Руслан Букенов пен Жәнібек Қаниятовты марапаттады.
Ғылыми пікірталастардың халықаралық әділқазылар құрамында М.Нәрікбаев атындағы ҚГЗУ ғылыми-құқықтық сараптама мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу жобаларының жетекшісі, заң ғылымдарының докторы, профессор М.Ш.Қоғамов қызмет атқарды. Халықаралық сарапшылар тобында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Павлодар облысы бойынша филиалының басшысы Г.К.Исенова мен Ортсайлауком аппаратының бас сарапшысы Ш.Т.Шаяхметова пікірталастарға баға берді.
ТМД ПАА Хатшылығының және ТМД ПАА ДДМХИ басшылығы, халықаралық әділқазылар өкілдері қазақстандық студенттердің дайындық деңгейлерін жоғары бағалап, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына жобаның ұлттық кезеңінің ауқымды ұйымдастырылғаны үшін алғыс білдірді.
Халықаралық конференция туралы қосымша ақпарат www.iacis.ru ТМД ПАА ресми сайтында орналасқан.