18.09.2019 16:00 |
![]() |
ҚР ОСК мүшесі З. Баймолдина Қазақстан Республикасы делегациясының құрамында ЕҚЫҰ/ДИАҚБ кеңесіне қатысты
2019 жылғы 16-18 қыркүйекте ҚР ОСК мүшесі Зәуреш Баймолдина Қазақстан Республикасы делегациясының құрамында Варшава қаласында өтіп жатқан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросының (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ) ұйымдастыруымен адами өлшем саласындағы міндеттемелердің орындалуына шолу жөніндегі жыл сайынғы Кенестің жұмысына қатысты. Кеңес екі апта өтеді.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Үсен Сүлеймен бастаған ресми делегацияның құрамына Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комитеттің, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың, Бас прокуратура, сыртқы істер, ақпарат және қоғамдық даму, әділет, ішкі істер министрліктерінің өкілдері кірді. Сонымен қатар Кеңестің жұмысына көптеген қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысуда.
ЕҚЫҰ-ға мүше 57 мемлекеттің ресми делегациялары, халықаралық құқық қорғау ұйымдарының, үкіметтік емес сектордың ұлттық ұйымдарының, академиялық топтардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысатын кеңестің күн тәртібі, әдеттегідей, ЕҚЫҰ аясындағы адам құқықтарының жағдайы, адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, құқық үстемдігі, сот органдарының тәуелсіздігі, сөз және БАҚ бостандығы, жиналыс өткізу еркіндігі, ұлттық азшылықтардың құқықтары, демократиялық сайлауларды қамтамасыз ету, дін және наным-сенім бостандығы, гендерлік теңдік, адам саудасына қарсы күрес және т.б. туралы мәселелердің талқылауды қамтиды.
«Демократиялық институттар, оның ішінде ұлттық, өңірлік және жергілікті деңгейлердегі демократия, сондай-ақ демократиялық сайлау» тақырыбындағы жұмыс отырысында сөйлеген сөзінде ҚР ОСК мүшесі Зәуреш Баймолдина азаматтардың сайлау құқықтарын тиісті жүзеге асыруды қамтамасыз ету және қазіргі сайлау заңнамасын сақтау бойынша Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жұмысымен таныстырды.
«Қазақстан демократиялық сайлау науқандарын өткізу бөлігінде ЕҚЫҰ шеңберіндегі барлық өз міндеттемелерін орындады.
Мұны осы жылдың 9 маусымында Республика Президентінің сайлауы тағы да растады.
7 халықаралық ұйымның (ТМД, ШЫҰ, ТМЫҚ, ИЫҰ, ТМД ПАА, ТүркПА, ҰҚШҰ ПА) миссияларының баяндамалары мен мәлімдемелерінде сайлаудың тиімді ұйымдастырылғандығы атап өтілді. Олар ашық, айқын, бәсекеге қабілетті, негізгі демократиялық қағидаларға сәйкес келді. Олар сайлау ұлттық заңнамаға және халықаралық стандарттарға толығымен сәйкес келгенін, ешқандай заң бұзушылықтар болмағанын, әкімшілік және барлық дайындық шаралары тиімді болғанын атап көрсетті.
Біз сайлауды байқау тәжірибесін ескере отырып, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссияларының пікірлері мен ұсыныстарын сындарлы түрде қабылдаймыз.
Біз тұрақты түрде ашық отырыстар өткізіп отырған, уақытылы жарияланатын ақпараттарды, соның ішінде сайлау комиссияларына немесе соттарға шағым беру үшін жеткілікті мүмкіндік беретін кандидаттардың қаржылық жарналары мен шығыстары туралы есептерді қоса алғанда, ҚР ОСК қызметіне жоғары баға берілгенін құптаймыз.
Дегенмен, біз Алдын ала мәлімдемедегі жекелеген тұжырымдар біржақты көзқарасқа негізделген немесе нақты ақпаратты білмегеннен деп ойлаймыз.
ОСК ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының бірқатар ескертулеріне сайлау заңнамасының түсініктемелері мен толық түсіндірмелерін берді.
Миссияны құрметтей отырып, сондай-ақ оның мәртебесін ескере отырып, жемісті ынтымақтастық үшін нақты бұзушылық фактілері мен оларды жақсарту үшін егжей-тегжейлі ұсыныстар беру қажет деп санаймыз. Бұл ықтимал бұрмалануларды болдырмайды, сонымен қатар саясаттандыру туралы күдіктерден босатады.
Біз сайлау науқаны кезінде жіберілген барлық заң бұзушылықтарды талдадық.
Қазақстан ДИАҚБ-мен сындарлы және өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын», - деді ҚР ОСК мүшесі Зәуреш Баймолдина.
Кеңес аясында негізгі бостандықтар, құқық үстемдігі, толеранттылық және кемсітпеушілік, көш- қон және қауіпсіздік мәселелеріне арналған сайд-ивенттер өткізілетіндігін атап өткен жөн.
ҚР ОСК өкілдері Пленарлық отырыстың жұмысына, «Сөз бостандығы, БАҚ және ақпарат бостандығы», «Журналистердің қауіпсіздігі» жұмыс сессияларына, сондай-ақ ЕҚЫҰ адами өлшемдерді іске асыру жөніндегі кеңестің шеңберінде ЕҚЫҰ/ДИАҚБ ұйымдастырған «ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Сайлау дауларының шешілуін байқау жөніндегі нұсқаулықтың тұсаукесері» атты сайд-ивентке қатысты.