28.06.2019 12:00 |
![]() |
ҚР ОСК мүшесі З.Х. Баймолдина сайлауды ұйымдастыруға жауапты органдардың 16-шы Еуропалық конференциясына қатысты
2019 жылғы 27-28 маусымда Братислава қаласында (Словакия Республикасы) «Сайлау дауларын шешу» тақырыбында сайлауды ұйымдастыруға жауапты органдардың 16-шы Еуропалық конференциясы өтті.
Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зауреш Хамитқызы Баймолдина қатысты.
Іс-шараны Еуропа Кеңесінің Венеция комиссиясы Словакия Республикасы Ішкі істер министрлігінің Мемлекеттік басқару бөлімімен және Словакия Республикасының сайлау және саяси партияларды қаржыландыруды бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссиясымен бірлесіп ұйымдастырды.
Конференция барысында сайлау дауларын шешу жөніндегі мәселелер, прецеденттік құқықтың халықаралық және ұлттық тәжірибесі, Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық соттың прецеденттік құқығының рәсімдік аспектілері, шет мемлекеттердегі сайлау дауларын шешудің салыстырмалы талдауы қаралды, сондай-ақ сайлау дауларын шешудің әлсіз және күшті жақтары анықталды. Сонымен қатар конференцияда сайлау дауларын шешудің неғұрлым қолжетімді және тиімді жолдарына назар аударылды, сондай-ақ сайлауды ұйымдастыруға жауапты органдардың рөлі атап өтілді.
Конференция жұмысына Еуропа Кеңесі, Венеция комиссиясы, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ, Сайлау жүйелерінің халықаралық қоры, Демократия және сайлауға жәрдем көрсету институты және т.б. халықаралық ұйымдардың қатысуымен 30 шет мемлекеттен 100-ден астам өкіл қатысты.
Конференцияның қорытындыларын шығару барысында ҚР ОСК мүшесі З.Х. Баймолдина сайлау дауларын шешу мәселелері бойынша ұсынуларды әзірлеу және шығару процесіне белсене қатысты.
Сайлау процесінің түрлі аспектілері мен кезеңдері бойынша конференцияларды Еуропа Кеңесінің Венеция комиссиясы жыл сайын еуропалық мемлекеттердің орталық сайлау органдарымен бірлесіп өткізеді, оларға Қазақстан Республикасы белсенді қатысып келеді.