17.06.2019 11:40 |
![]() |
2019 жылғы 17 маусымда ҚР ОСК Төрағасы Берік Имашев ЕҚЫҰ/ ДИАҚБ Миссиясының Басшысы Уршула Гацекпен кездесті
Кездесу барысында Ортсайлауком Басшысы Уршула Гацек ханымды Орталық сайлау комиссиясы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының алдын ала қорытындылар мен қорытындылар туралы мәлімдемесімен танысқаны туралы хабардар етті. Ортсайлауком оған Түсініктеме дайындайды, онда сайлау органдарының құзыреті шеңберінде бірқатар ескертулер бойынша Ортсайлаукомның ұстанымы баяндалады.
ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының Басшысы өз кезегінде ҚР ОСК тарапынан көмек пен ынтымақтастық және қажетті материалдар ұсынғаны үшін ризашылығын білдірді, сондай-ақ 2019 жылғы 9 маусымда өткен Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын байқау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының қорытынды есебі дайындалатынын хабарлады.
Соңында Ортсайлауком Басшысы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының сайлауды байқау жөніндегі жұмысы үшін алғысын білдіріп, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ сарапшыларына еңбекте табыс тіледі.