08.06.2019 17:30 |
![]() |
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары Константин Викторович Петровтың Болгария Республикасының байқаушылар тобымен кездесуі
8 маусымда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары Константин Викторович Петров Болгария Республикасының байқаушылар тобымен кездесті.
Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары Константин Петров байқаушыларды 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық барысы туралы қысқаша хабардар етті. Атап айтқанда, ол сайлау учаскелерінің дауыс беру күніне дайындығы, сайлаушылар саны және дайындалған бюллетеньдердің саны, сондай-ақ кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт жүргізу қорытындылары туралы айтты.
Тараптар дауыс беру күні мен алдағы уақытта да жұмыста өзара табыс тіледі.