08.06.2019 14:30 |
![]() |
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары Константин Викторович Петровтың Ислам Ынтымақтастығы Ұйымынан байқаушылар миссиясының басшысы Махмуд Мухаммед Мурад Әл Раисимен кездесуі
8 маусымда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары Константин Викторович Петров Ислам Ынтымақтастығы Ұйымынаң байқаушылар миссиясының басшысы Махмуд Мухаммед Мурад Әл Раисимен кездесті.
Кездесуде Константин Петров 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық барысы туралы, атап айтқанда сайлау учаскелерінің дауыс беру күніне дайындығы, сайлаушылар саны және дайындалған бюллетеньдердің саны туралы, сондай-ақ кандидаттардың сайлау алдындағы үгітті жүргізу қорытындылары туралы қысқаша хабардар етті. Сондай-ақ байқаушыларға бүгінгі күні тыныштық күні екенін еске салып өтті, себебі Президенттікке үміткерлердің сайлау алдындағы үгіт 7.06 сағат 00.00-де аяқталды.
Тараптар сайлау өткізуде да, оларды байқауда да өзара табыс тіледі.