07.06.2019 14:30 |
![]() |
Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары Константин Петровтың АҚШ-тан тәуелсіз байқаушылар делегациясымен кездесуі
7 маусымда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Ортсайлауком Төрағасының орынбасары Константин Викторович Петров Дэниел А. Уитт басқарған АҚШ-тың тәуелсіз байқаушылар делегациясымен кездесті.
Кездесуде Төрағаның орынбасары 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық туралы жағдайды қысқаша баяндап, сондай-ақ сайлау алдындағы үгіт бүгін, яғни 7 маусымда сағат 00:00-де аяқталатынын хабарлады.
Америкалық делегация басшысы Ортсайлауком Төрағасының орынбасарына кездесу үшін алғысын білдірді, сондай-ақ алдағы сайлауды өткізу үшін барлық ресурстарды жедел жұмылдыруды атап өтті.
АҚШ-тан келген тәуелсіз байқаушылар делегациясын пікірталастар өткізу, қоғамдық пікір сұраулары және олардың нәтижелерін жариялау сияқты мәселелер қызықтырды. Делегация мүшелері қазақстандық тарап дауыс беру күні қаншалықты сайлаушылардың келуін күтуде және осы жылы сайлау процесіне шетелдік араласуына қатысты алаңдаушылық бар ма деген сауалдарға қызығушылық танытты.
Кездесу соңында екі жақ бір-біріне табыс тіледі.