07.06.2019 15:50 |
![]() |
Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары Константин Петровтың ТүркПА делегациясымен кездесуі
7 маусымда Ортсайлауком төрағасының орынбасары Константин Викторович Петровтың ТүркПА Бас хатшысы Алтынбек Насиридинович Мамаюсупов басқарған делегациямен кездесуі өтті.
Кездесуде ОСК Төрағасының орынбасары ТүркПА делегациясын 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық барысымен таныстырды.
ТүркПА делегациясының өкілі ұйым, оның миссиясы мен құрамы туралы қысқаша айтып берді. ТүркПА делегациясының басшысы Орталық сайлау комиссиясы жүргізіп отырған белсенді жұмысын атап өтіп, алдағы сайлауға сәттілік тіледі. Кездесуден кейін ТүркПА байқаушылары сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарын аяқтау және сайлау учаскелерінің дауыс беру күніне дайындығы мәселесі бойынша Орталық сайлау комиссиясының отырысына қатысты.