07.06.2019 12:40 |
![]() |
Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Берік Имашевтың Тәуелсіз мемлекеттер достастығынан Байқаушылар миссиясының Басшысы Сергей Лебедевпен кездесуі
7 маусымда Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Берік Мәжітұлы Имашевтың Тәуелсіз мемлекеттер достастығынан Байқаушылар миссиясының Басшысы Сергей Николаевич Лебедевпен кездесуі болды.
ОСК Төрағасы ТМД делегациясын 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына дайындау процесімен таныстырды.
Сергей Николаевич Лебедев өз кезегінде сайлауды байқауға қатысатын ТМД Миссиясы ТМД аумағындағы (421-ден аса Миссия мүшесі бар) ірі миссиялардың бірі болып табылатынын атап өтті.
ТМД елдерінің Байқаушылар миссиясы осы жылғы 20 мамырда Қазақстанда өз жұмысына кірісті. 20 ұзақ мерзімді байқаушы жұмыс жасады, 20 мамырдан бастап миссия штабы құрылды. Осы уақыт ішінде ұзақ мерзімді байқаушылар бірнеше облыста болып үлгерді, Қазақстан Республикасының барлық облыстарында байқау жөніндегі пункттерді ұйымдастырды.
Миссия басшысы сайлау учаскелеріндегі мүгедектерге арналған жеке кабиналарды, пандустарды және басқа да атрибуттарды қамтамасыз ету сияқты оң істерді атап өтті. Сергей Николаевич Лебедев сайлау процесіне барлық қатысушылардың кәсіби деңгейі едәуір өсіп келе жатқанын ерекше атап өтті.
Кездесу аяқталған соң екі тарап бір-біріне сайлауда сәттілік тіледі.