07.06.2019 12:00 |
![]() |
Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары Константин Петровтың Бразилияның тәуелсіз байқаушылары делегациясымен кездесуі
7 маусымда Нұр-Сұлтан қ. Ортсайлауком Төрағасының орынбасары Константин Викторович Петровтың Қазақстан-Бразилия достығы тобын басқаратын Франциско де Асис Родригез басқарып келген Бразилияның тәуелсіз байқаушылары делегациясымен кездесуі болды.
Кездесуде Төраға орынбасары 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының ағымдағы науқаны туралы қысқаша ақпаратты ұсынды.
Бразилия делегациясы Қазақстандағы сайлауға байқаушылар ретінде бірінші рет қатысып отыр. Бразилия тарапының сайланған президенттің өкілеттіктерді қабылдауына, сайлауды дайындау және өткізу рәсімдеріне, сондай-ақ қаржыландыруға және сайлау науқанына қатысушыларға қатысты бірқатар сұрақтары болды.
Кездесу аяқталған соң екі тарап бір-біріне сайлауда сәттілік тіледі.