20.05.2019 12:00 |
![]() |
ҚР ОСК Төрағасы Б.М. Имашевтың ТМД Атқару комитеті-–атқарушы хатшысы төрағасының бірінші орынбасары В.А. Гуминскиймен кездесуі
2019 жылғы 20 мамырда ҚР ОСК Төрағасы Б.М. Имашевтың ТМД Атқару комитетінің Төрағасының бірінші орынбасары В.А. Гуминскиймен кездесуі өтті.
Сондай-ақ ҚР ОСК Төрағасының орынбасары К. Петров пен оның мүшесі З. Баймолдина да кездесуге қатысты.
Б.М. Имашев кездесу шеңберінде В.А. Гуминскийге электораттық науқанның барлық кезеңдері: ұсыну, тіркеу, сайлау алды үгіт, дауыс беру күні, сондай-ақ Сайлау туралы Конституциялық заңға 2017-2018 ж. енгізілген өзерістер туралы хабарлады.
В. Гуминский өз кезегінде Б. Имашевқа кездесуді ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді және ТМД Атқару комитеті ҚР ОСК-ның сайлауды өткізуге байланысты барлық іс-шараларын мұқият бақылағаны туралы хабарлады.
В. Гуминский: «Біздің кездесуімізден кейін, бүгінгі күннен бастап ТМД-дан Байқаушылар миссиясы Қазақстанда қалады және Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын толық көлемде байқауға кіріседі» - деп хабарлады.
ТМД-дан Байқаушылар миссиясы Қазақстандағы сайлауды, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын байқауда үлкен жұмыс тәжірибесіне ие екендігін атап өткен жөн. ТМД-дан 700-ден астам Байқаушылар миссиясы Қазақстанда 2015-2016 жылдары өткен екі сайлау науқанын байқауға қатысқан.