22.06.2018 22:00 |
![]() |
Б. Имашев қазіргі бессайыс бойынша Әлем кубогі 2018 финалының ресми ашылу салтанатына қатысты
2018 жылғы 21 маусымда «Сарыарқа» велотрегінде қазіргі бессайыстан Әлем кубогі 2018 финалының ресми ашылу салтанаты өтті.
Іс-шара ұйымдастырушылары ретінде Қазіргі бессайыстан халықаралық федерация, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Ұлттық олимпиада комитеті, ҚР Қазіргі бессайыс федерациясы және Астана қ. әкімдігі атсалысты.
Салтанатты ашылуға Қазіргі бессайыстан халықаралық федерация президенті Клаус Шорман, ҚР Қазіргі бессайыс федерациясының президенті Берік Имашев, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы және Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, Ұлттық олимпиада комитетінің спорт дирекциясының директоры Елсияр Канағатов қатысты.
Іс-шараның ашылу салтанатында Қазіргі бессайыстан халықаралық федерация президенті (UIPM) Клаус Шорман Қазақстанның Азиадағы бессайыс үшін және Олимпиада қозғалысы үшін маңыздылығын атап өтті.
«Астана – бессайыстан әлем чемпионатындағы жаңа белес болып табылады және осы ерекше іс-шара үшін ең лайықты орын. Бұл жерде көптеген маңызды спорттық іс-шаралар өткізілгенін және жаһандық қауымдастықтың бір қалада жиналғанын атап өткім келеді» деді К.Шорман.
Әлем кубогі 2018 финалы Астананың 20-жылдық мерейтойы қарсаңында «Сарыарқа» велотрегінде, «Барыс Арена» спорткомплексі және «Қазанат» ипподромында 24 және 24 маусым аралығында өтеді.