27.02.2018 13:00 |
![]() |
Орталық сайлау комиссиясының 2017 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша кеңейтілген отырысы өтті
2017 жылғы 27 ақпанда Орталық сайлау комиссиясының 2017 жылдың жұмыс қорытындылары және үстіміздегі жылдың жаңа бағыттары бойынша кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа облыстардың, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкім аппараттарының жетекшілері, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттары, әділет, білім және ғылым министрліктерінің, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының, Қазақстан халық ассамблеясының өкілдері және электоралдық білім беру бойынша жаттықтырушылар қатысты.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Берік Имашев отырыста сөйлеген алғы сөзінде 2017 жылы ОСК-ның жұмысы сайлау жүйесінің заңнамалық негізін жақсарту, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, сайлау процесстерін цирфландыру және электоралдық білім беру жүйесін ұйымдастыруға бағытталғанын атап өтті.
Қорытынды баяндамамен ҚР ОСК Төрағасының орынбасары Константин Петров сөз сөйледі.
Б.Имашев Орталық сайлау комиссиясына келіп түскен және мүдделі органдармен келісу үшін енгізілген, Үкімет ұсынған «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына назар аударды. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, сайлау бойынша заңнаманы жақсартудың ең тиімді кезеңі – сайлауаралық кезең болып табылады.
Отырыс жұмысына ҚР Әділет вице-министрі Н.Пан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттық фракцияларының жетекшілері: «Нұр Отан» партиясынан И.Аронова, «Ақ жол» партиясынан А.Перуашев, ҚКХП хатшысы В. Косарев, Қазақстан Халық Ассамблеясынан С. Абдрахманов, Адам құқығы бойынша Ұлттық орталықтың жетекшісі С.Оспанов, Еуропалық құқық және адам құқықтары бойынша сарапшылық институтының директоры М.Башимов қатысты және сөз сөйледі. Сонымен қатар, Қостанай облыстық сайлау комиссиясының төрағасы А.Маркова және Алматы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Т.Даутов өз ойларымен бөлісті.
ҚР ОСК Төрағасы Б.Имашев еліміздің сайлау жүйесі 93 мыңнан астам сайлау комиссиясы мүшелерін қамтитынын және Орталық сайлау комиссиясы сайлау бойынша заңнаманы өзгертуді мүдделі тараптардың және қоғамның қатысуымен пікір алысатын ең тиімді талқықлау алаңы екенін атап өтті.
Сондай-ақ, Б. Имашев Орталық сайлау комиссиясы жұмысының алдағы уақытқа қойған басымдылықтары, ОСК қызметінің нақты бағыттарын ұйымдастыруда жаңа формалар мен әдіс-тәсілдерін қолдану жайлы, саяси партиялар және азаматтық қоғаммен ынтымақтастық мәселелері жөнінде айтып өтті.