11.12.2016 18:02 |
![]() |
2016 жылғы 11 желтосанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы Б. Имашев Қырғыз Республикасы Сайлау және референдумдарды өткізу жөніндегі орталық комиссиясының Төрайымы Н. Шайлдабековамен кездесті
2016 жылғы 11 желтосанда Бішкек қ. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Б. Имашев Қырғыз Республикасы Сайлау және референдумдарды өткізу жөніндегі орталық комиссиясының Төрайымы Н. Шайлдабековамен кездесті.
Кездесу шеңберінде Қырғыз Республикасында референдумды өткізудің тәжірибелік аспектілері, науқанның барыс мен ерекшеліктері, сондай-ақ олардың сайлау барысының айқындығын және оның ұлттық сайлау заңнамасының нормаларына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін қажетті шаралардың қолданылуы талқыланды.
Қырғыз Республикасы Сайлау және референдумдарды өткізу жөніндегі орталық комиссиясының Төрайымы Б. Имашевқа референдумды байқауға қатысқаны үшін алғысын білдіріп, елде референдуммен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдарының депутаттарын сайлау өтуіне байланысты Қырғызстанның сайлау органдарына екі есе салмақ түскенін атап өтті.
Сондай-ақ биылғы жылы референдумда дауыс берудің ерекшелігі – сайлаушылардың биометрикалық деректерінің негізінде дауыс беруі. Бұл қадам сайлаудың транспаренттігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Қазақстан Республикасы Ортсайлаукомының Басшысы Н.К. Шайлдабекова ханымға ұсынған ақпараты үшін ризашылығын білдірді, сондай-ақ Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасы сайлау органдарының арасында көптеген бағыттар бойынша тиімді қызмет жасауға мүмкіндік беретін жылы серіктестік қарым-қатынас орныққанын атап өтті. 2012 жылы бұл ынтымақтастықты нығайтып, одан әрі кеңейту мүмкіндігін беретін Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
«Біз сайлауда байқаушылар топтарымен өзара алмасамыз, сайлау жүйелерін жетілдіру жөніндегі жұмыс шеңберінде екі елде жиналған сайлауды ұйымдастыру және өткізу тәжірбиесін зерделейміз» – деп атап өтті ол.
Соңында тараптар Меморандумға сәйкес одан әрі ынтымақтастықты дамытуға келісті. Сонымен қатар сайлау процесі дамуының өзекті мәселелерін талқылауға арналған бірлескен дөңгелек үстелді ұйымдастыру және өткізу туралы алдын ала келісімге қол жеткізді.