11.03.2016 16:38 |
![]() |
11 наурызда Орталық сайлау комиссиясында халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу барысы туралы брифинг болды
11 наурызда Орталық сайлау комиссиясында 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарының сайлауына халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу барысы туралы брифинг болды.
ҚР ОСК мүшесі М. Сәрсембаев БАҚ өкілдерін 2016 жылғы 11 наурыздағы жағдай бойынша Ортсайлауком Сыртқы істер министрлігінің ұсынуымен халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің 454 байқаушысын аккредиттегені туралы ақпараттандырды.
Олардың ішінде ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның 44 байқаушысы, 75 – ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясынан, ТМД Миссиясының 293 байқаушысы, 9 – Шанхай Ынтымақтастық Ұйымынан, 3 – Ислам ынтымақтастығы ұйымынан, 7 – Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясынан, 10 шет мемлекеттен 23 байқаушы.
Бұдан басқа Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 28 мемлекеттен шетелдік БАҚ-тардың 117 өкілін аккредиттеді. Олардың ішінде «Austrian Press Agency», «Франс-Пресс», «Синьхуа», «ТАСС» (Достастық Елдерінің Телеграфтық Агенттігі), «Томсон-Рейтер», «European Pressphoto» ақпараттық агенттіктерінің, сондай-ақ «The Financial Times», «The Guardian», «Российская газета» газеттерінің және т.б. өкілдері.
Осылайша, қазіргі уақытта әлемнің 51 елінен 571 халықаралық байқаушы мен шетелдік бұқарлық ақпарат құралдарының өкілі аккредиттелді.
Еліміздің сайлау заңнамасының 20-2-бабына сәйкес халықаралық байқаушылар мен Сыртқы істер министрлігі аккредиттеген журналистер сайлау процесінің барлық кезеңдеріне қатысуға, сайлау комиссияларында сайлау науқанының барысы туралы ақпарат алуға, дауыс беруді өткізу және дауыстарды санау кезінде сайлау учаскелеріне кіруге, сайлау процесіне қатысушылармен кездесуге, өздерінің байқағандары, анықталған заң бұзушылықтар туралы сайлау комиссияларының мүшелерін хабардар етуге, ұсынымдар енгізуге, жария мәлімдемелер жасауға құқылы.