04.03.2016 16:00 |
![]() |
Орталық сайлау комиссиясы 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауға халықаралық ұйымнан және шет мемлекеттен тағы 133 байқаушыны аккредиттеді
2016 жылғы 4 наурызда Орталық сайлау комиссиясы «2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауына халықаралық ұйым мен шет мемлекеттің байқаушыларын аккредиттеу туралы» қаулы қабылдады.
Осы қаулыға сәйкес Ортсайлауком Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша бір халықаралық ұйымнан және бір шет мемлекеттен тағы 133 байқаушыны аккредиттеді.
Олардың ішінде: 130 байқаушы – ТМД-дан байқаушылар Миссиясынан және 3 байқаушы – Корея Республикасынан.
Осылайша, 2016 жылғы 4 наурыздағы жағдай бойынша Ортсайлауком екі халықаралық ұйымның Миссияларынан (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ және ТМД), бір халықаралық ұйымнан (Ислам ынтымақтастығы ұйымы) және тоғыз шет мемлекеттен 308 байқаушыны аккредиттеді.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 2016 жылғы 2 наурыздағы жағдай бойынша 28 мемлекеттен шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының 116 өкілін аккредиттеді.
Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді Ортсайлауком 2016 жылғы 14 наурызға дейін жүзеге асырады.
Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 46-бабына сәйкес Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы мәслихатының депутаты куәлігінің үлгісін бекітті.