05.02.2016 15:54 |
![]() |
2016 жылғы 5 ақпанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы
Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының партиялық тізімін тіркеді
2016 жылғы 5 ақпанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының партиялық тізімін тіркеді.
35 кандидаттың ішінде бес ұлттың өкілі бар.
17 % - ы - әйел адамдар.
Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының партиялық тізіміне енгізілген кандидаттардың орташа жасы – 46 жас, олардың ең жасы – 34 жаста.
Партия ұсынған 8 кандидат Парламент Мәжілісінің депутаты болған.
Сондай-ақ тізімде коммерциялық құрылымдардың, ғылым, мәдениет және білім беру қызметкерлері, партия аппаратының және ҮЕҰ-дың қызметкерлері ұсынылған.
Ортсайлауком Төрағасы Қ. Тұрғанқұлов ҚР ОСК-ның отырысына қатысқан «Ақ жол» ҚДП-ның Төрағасы А.Т. Перуашевқа Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттың куәлігін тапсырды, сондай-ақ «Ақ жол» ҚДП-нан партиялық тізімге енгізілген Мәжіліс депутаттығына барлық кандидаттардың куәліктерін берді.