03.02.2016 16:08 |
![]() |
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
2016 жылғы 3 ақпанда Қазақстан Республикасы орталық сайлау комиссиясы
«Нұр Отан» партиясының партиялық тізімін тіркеді
2016 жылғы 3 ақпанда Орталық сайлау комиссиясы бірінші партиялық тізімді – «Нұр Отан» партиясының тізімін тіркеді.
127 кандидаттың ішінде жеті ұлттың өкілі бар.
23 % -дан астамы – әйел адамдар.
«Нұр Отан» партиясының партиялық тізіміне енгізілген кандидаттардың 60 %-на жуығы 55 жасқа дейінгі адамдар, олардың ең жасы – 26 жаста.
Партия ұсынған 33 кандидат Парламент Мәжілісінің депутаты болған.
Сондай-ақ ғылым, мәдениет және білім беру қайраткерлері, белгілі спортшылар, коммерциялық құрылымдардың, мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметкерлері ұсынылған.
Ортсайлауком Төрағасы Қ. Тұрғанқұлов ҚР ОСК-ның отырысына қатысқан «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары А.И. Мырзахметовке Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттың куәлігін тапсырды, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясынан партилық тізімге енгізілген Мәжіліс депутаттығына барлық кандидаттардың куәліктерін берді.
Күнтізбелік жоспарға сәйкес саяси партиялардың тізімдердін тіркеу ағымдағы жылғы 19 ақпанға дейін жалғасады, ал 20 ақпаннан бастап партиялар үгіт жұмысына кірісе алады.