Фотогалерея





Интернет-олимпиадаға қатысушыға көмек



Интернет-олимпиаданың бірінші кезеңі 2021 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстанның сайлау заңнамасы және әлемнің сайлау жүйелері бойынша білім деңгейін анықтау мақсатында ҚР Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында онлайн-тестілеу форматында өткізіледі.

Онлайн тестілеу тапсырмалары үш тақырыптық модульден тұрады:

1) Сайлау жүйелері туралы жалпы мәселелер. Әлем елдерінің сайлау жүйелері

2) ТМД ПАА-ға қатысушы мемлекеттердің сайлау жүйелері

3) Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі


Сайлау жүйелері туралы сұрақтарға мыналар кіреді:

- сайлау жүйелерінің түсінігі, түрлері және ерекшеліктері;

- сайлау жүйесінің сипаттамасы ретінде өкілдік нормасы;

- сайлау тәртібі және дауыс беру нәтижелерін есептеу жүйелері сайлау жүйесінің сипаттамасы ретінде;

- азаматтардың сайлау процесіне қатысу тәртібі;

- биліктің жоғары органдарын, өкілді және атқарушы органдарды құру тәртібі.


Үшінші модуль Қазақстан сайлау жүйесінің конституциялық негіздеріне, сайлау процесін ұйымдастыруға арналған.


Әр модуль бойынша тест тапсырмаларының саны – 15.

Тапсырмалардың жалпы саны – 45.

Тестілеудің жалпы уақыты – 30 минут.


Интернет-олимпиаданың екінші кезеңі қатысушылардың пікірталас жүргізу дағдыларын анықтауға бағытталған және а. ж.
24 қыркүйекте интерактивті форматта өткізіледі.

Екінші кезеңге тестілеу нәтижелері бойынша ең көп балл жинаған бірінші кезеңнің 10 қатысушысы өтеді.