Фотогалерея




ХАБАРЛАНДЫРУ



Орталық сайлау комиссиясы жоғары оқу орындары студенттерінің арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Әлем мемлекеттерінің сайлау жүйелері» тақырыбында интернет-олимпиаданың өткізілетіні туралы хабарлайды.

Бірлескен ұйымдастырушылар:

- Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламентаралық Ассамблеясына қатысушы мемлекеттер азаматтарының демократияны, парламентаризмді дамыту және сайлау құқықтарын сақтау мониторингінің халықаралық институты;

- Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының қауымдастығы.

Интернет-олимпиада екі кезеңде өтеді:

1) Қазақстанның сайлау заңнамасы мен шет елдердің сайлау жүйелері бойынша білім деңгейін айқындауға арналған онлайн-тестілеу (а.ж. 22 қыркүйек, Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін),

2) бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша ең көп балл жинаған студенттердің пікірсайыс жүргізу дағдыларын «Үздік пікірсайысшы» конкурсы форматында анықтау (а.ж. 24 қыркүйек, Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін).

Интернет-олимпиаданың жеңімпазы мен екі жүлдегерлері а.ж. желтоқсан айында «Жастар парламентаризмі ТМД елдерінің тұрақты саяси дамуы мен әріптестігінің негізі ретінде» Халықаралық жастар мектебіне қатысады.

 

Қосымша ақпарат алу үшін телефон номерлері:
8 (7172) 75 29 13, 8 (7172) 32 73 19

немесе электрондық мекенжайлар:
Sh.Shayakhmetova@election.gov.kz, Z.Mardanova@election.gov.kz