Фотогалерея




Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы барлық мемлекеттік қызметшілерді грантқа түсуге шақырады


Мемлекеттік басқару академиясы кемінде 2 жылдық еңбек өтілі бар барлық мемлекеттік қызметшілерді 2021-2022 оқу жылына грантқа түсуге шақырады!


🎓Магистратура:


1 жыл:

- MPA «Мемлекеттік басқару»

- EMPA «Мемлекеттік басқару» (өндірістен қол үзбей)

- MIR «Халықаралық қатынастар»

- EMBA «Іскерлік әкімшілік» (өндірістен қол үзбей)

- MRD «Өңірлік даму» (өндірістен қол үзбей)


2 жыл:

- MPP «Мемлекеттік саясат»

- ME «Экономика»


🎓Докторантура:


3 жыл:

- DPA «Мемлекеттік басқару»

- DIR «Халықаралық қатынастар»

📝Қажетті құжаттар тізімі:

1. Өтініш

2. Жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі

3. Мемлекеттік тілді меңгеру туралы QAZAQ RESMI TEST немесе QAZTEST сертификаты  (В1 - ден кем емес ) 

4. Шет тілін меңгергендігін растайтын сертификат

🔹Магистратура үшін:

IELTS немесе IELTS indicator-4.0

TOEFL PBT-437

TOEFL IBT-41

APTIS-B1/4.0

🔹Докторантура үшін:

IELTS немесе IELTS indicator 5.5

TOEFL PBT-513

TOEFL IBT-65

APTIS-B2/5.5

Ағылшын тілі оқу тілі болып табылатын шетелдік білім беру ұйымдарында дәреже иеленген үміткерлер бұл талаптан босатылады.

5. ҚР мемлекеттік қызметшілері үшін – қызметтік тізім, шетелдік үміткерлер үшін – кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ

6. Мемлекеттік органның жолдамасы;

7. Жазбаша жұмыстар:

- докторанттар үшін – зерттеу жұмысының жоспары

- магистранттар үшін конкурстық іріктеудің бірінші кезеңінде жазылады.

📚Ағылшын және қазақ тілі бойынша көрсетілген сертификаттар болмаған жағдайда үміткерлердің құжаттарды тапсыру кезінде www.apa.kz сайтында 23 наурызға дейін Pre-sessional курстарына жазылуға мүмкіндіктері бар.

✅ Дайындық курстары Академия сайтында www.apa.kz онлайн тіркеуден өткен үміткерлер үшін ғана қолжетімді болады. Курс 3 модульді қамтиды:

📎Академиялық хат жазу және көпшілік алдында сөз сөйлеу

📎Ағылшын тілі

📎Ресми-іскерлік қазақ тілі

🔗Pre-sessional курстары туралы толық ақпаратты#presessional2021 хештегі бойынша таба аласыздар.

👍🏻Академияда оқудың артықшылықтары:

- лауазымдық жалақы деңгейіндегі шәкіртақы;

- шетелде тағылымдамадан өту мүмкіндігі;

- Академияда оқитындарға арналған жатақхана;

- оқу уақыты мемл.қызмет өтілі ретінде есептеледі;

- жұмыс орнының сақталуы;

✅Құжаттар қабылдау онлайн түрде 5 маусымға дейін жүргізіледі. Толық ақпарат www.apa.kz сайтында.