Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу тәртібі

 

Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары, сондай-ақ шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi қазақстан республикасы сыртқы iстер министрлiгiнiң ұсынуы бойынша ортсайлауком жанында аккредиттеледі. Шет мемлекеттерден келген жеке тұлғаларды ортсайлауком аккредиттемейді. 

Қазақстан республикасында саяси, экономикалық немесе басқа мүдделері бар не қазақстан республикасының, шет мемлекеттің заңнамасын немесе халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған нормаларын бұзғаны үшін олардың аккредиттелуі кері қайтарып алынған (күші жойылған) не сайлауды байқау тәжірибесі жоқ не аккредиттеуге өтінім бергенге дейінгі бес жыл ішінде қылмыстық іс, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық немесе сайлау кезеңінде заңсыз қызмет жасауда кінәлі деп танылған адамдар аккредиттелмейді. 

Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушыларының, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің өз мәртебесін қазақстан республикасындағы сайлауды байқауға қатысы жоқ қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға құқығы жоқ. 

Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу мерзімін ортсайлауком белгілейді. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді жүргізу 2007 жылғы 12 тамызда аяқталады. 

Ортсайлауком аккредиттелген байқаушыларға олардың сайлау науқанын өткізу кезеңіндегі қызметі үшін негіз болып табылатын, белгіленген үлгідегі куәлік беріледі. Куәліктер байқаушы жеке басын куәландыратын куәлігін көрсеткен кезде жарамды. Құжаттар сайлау комиссиясының төрағасына не оны алмастыратын адамға байқаушыны тiркеу үшiн көрсетiледi. 

Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сайлауды байқауды жүзеге асыруы үшін оларда қазақстан республикасы сыртқы істер министрлігінің тұрақты немесе уақытша аккредиттеу туралы куәлігі болуға тиіс. 

Сайлау туралы заңда көзделген жағдайларда ортсайлауком шет мемлекет пен халықаралық ұйым байқаушысының аккредиттелуін кері қайтарып алуға құқылы. 

Байқаушылар қазақстан республикасының заңдарын немесе халықаралық құқықтың жалпыжұрт таныған нормаларын бұзған жағдайда, тиiстi сайлау комиссиясы ортсайлаукомға шет мемлекеттiң немесе халықаралық ұйымның байқаушысының аккредиттелуін керi қайтарып алу туралы ұсыныс енгiзуге құқылы.