Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар 

байқаушыларының қызмет өкілеттіктері мен кепілдіктері

 

Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары қазақстан республикасының аумағында болған уақытта қазақстан республикасының қамқорлығында (қорғауында) болады.

Байқаушылардың өз функцияларын орындау кезеңінде тиісті сайлау комиссиялары мен қазақстан республикасы сыртқы істер министрлігі халықаралық байқаушыларға қажетті жәрдем көрсетеді. 

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның (еқыұ) ұсынымдарына сәйкес ортсайлауком тіркелген байқаушылардың өз міндеттерін атқара алатынына, атап айтқанда:

  • Сайлау процесінің барлық кезеңдеріне қатысуына;
  • Сайлау комиссияларында сайлау науқанының барысы туралы ақпарат алуына;
  • Дауыс беруді өткізу және дауыстарды санау кезінде сайлау учаскелеріне кіруіне;
  • Сайлау процесіне қатысушылармен кездесуін;
  • Өздерінің байқағандары, анықталған заң бұзушылықтар туралы сайлау комиссияларының мүшелерін хабардар етуге, ұсынымдар енгізуіне;
  • Жария мәлімдемелер жасауына;
  • Дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды жоғары тұрған сайлау комиссияларына беру рәсімін байқауына кепілдік береді