Сенім білдірілген адамдар

 

Партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партияның өзiне сайлау науқанын жүргiзуге көмектесетiн, сайлау алдындағы үгiттi жүргізетін, саяси партияның, мәслихат депуттаттығына кандидаттың мүдделерiн білдіретін сенiм бiлдiрiлген адамдары болуына құқылы.

Сенiм білдiрiлген адам қазақстан республикасының азаматы болуға тиiс, ол қандай да бiр сайлау комиссиясының мүшесi, саяси мемлекеттiк қызметшi лауазымындағы адам болмауға тиiс. 
Сенім білдірілген адамдар қазақстан республикасының саяси партиялары, өзге де қоғамдық бірлестіктері, коммерциялық емес ұйымдары байқаушыларының құқықтарын иеленеді, міндеттеріне ие болады және кандидаттың, партиялық тізімін ұсынған саяси партияның оларға жазбаша нысанда берген өкілеттігі шегінде әрекет етеді.

Сенім білдiрiлген адамдар сайлау науқаны аяқталғаннан кейiн, өз ұйғарымымен, кандидаттың және партиялық тізiмiн ұсынған саяси партияның шешiмiмен, сондай-ақ кандидатты, партиялық тiзімдi тіркеудiң күшi жойылған, сайлау туралы заң бұзылған жағдайларда өз мәртебесiнен айырылады.