Сайлау науқаны барысындағы шешімдер мен іс-әрекеттерге шағым беру және олардың күшін жою

Байқаушылардың қызметiн қаржылық және ұйымдық жағынан қамтамасыз ету байқаушыларын жiберген тараптардың қаражаты есебiнен жүргiзiледi.

Халықаралық ұйымдар мен халықаралық қоғамдық бірлестіктердің, шетелдік мемлекеттік органдардың, шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтардың, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдардың тарапынан республикадағы сайлауды қаржыландыруға, олардың республикадағы сайлауды қаржыландыруға қандай да бір тікелей немесе жанама түрде қатысуына тыйым салынады.