Сайлау комиссияларының қызметіндегі жариялылық

 

Қазақстан республикасында азаматтардың құқықтарын іске асыруына барлық жағдайлар мен кепілдіктер жасалған, сайлау комиссияларының жүйесі қалыптасқан, ең жаңа сайлау технологиялары енгізіліп, дамытылуда.

Шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың, қазақстан республикасы саяси партияларының, қоғамдық бірлестіктерінің, коммерциялық емес ұйымдарының байқаушыларына, депутаттыққа кандидаттарға, саяси партияларға, олардың сенім білдірген адамдарына, шет мемлекеттер мен қазақстан республикасы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне сайлауды байқауға мүмкіндіктер кеңінен қамтамасыз етілген.

Кандидаттардың, саяси партиялардың сенім білдірген адамдары, байқаушылар, бақ өкілдері сайлау процесінің барлық кезеңдеріне қатысуға, сондай-ақ сайлау комиссияларынан сайлау процесі туралы кез келген ақпаратты алуға құқылы.

Сайлау комиссияларының қызметі жариялы және ашық түрде жүзеге асырылады. 
Сайлау комиссиясының отырыстарына депутаттыққа кандидаттар, олардың сенім білдірген адамдары, байқаушылар, қызметтік куәлігі мен редакцияның тапсырмасы болған кезде бақ өкілдері қатыса алады.

Дауыс беру күні дауыс беруге арналған сайлау учаскесі ашылған сәттен бастап, дауыс беру нәтижелері анықталғанға дейін сайлаушылардың дауыстарын санау кезінде сайлау учаскесінде бір мезгілде мыналар:

  • Әрбір кандидат пен саяси партиядан бір сенім білдірілген адам
  • Қызметтік куәлігі мен редакция тапсырмасы болған кезде қазақстан республикасының әрбір бұқаралық ақпарат құралынан бір өкілден;
  • Қазақстан республикасының әрбір саяси партиясынан бір байқаушыдан;
  • Қазақстан республикасының әрбір қоғамдық бірлестігінен бір байқаушыдан;
  • Қазақстан республикасының әрбір коммерциялық емес ұйымынан бір байқаушыдан;
  • Шет мемлекеттердің байқаушылары;
  • Халықаралық ұйымдардың байқаушылары;
  • Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысуға құқылы