«Сайлау» электрондық сайлау жүйесін пайдалану

 

Партиялық тізімдер бойынша сайланатын парламент мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлауда жекелеген сайлау учаскелерінде электрондық сайлау жүйесін де, қағаз бюллетеньдерді де пайдалана отырып дауыс берудің аралас нысаны пайдаланылатын болады.

Дауыс беру нысанын таңдау туралы шешімді сайлаушының жеке өзі қабылдайды. 

Электрондық сайлау жүйесі пайдаланылатын сайлау учаскелерін олардың электрондық дауыс беруге дайын болу шамасына қарай ортсайлауком айқындайды. 

Электрондық сайлау жүйесін пайдалана отырып сайлау өткізу кезінде сенім білдірілген адамдар, байқаушылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері сайлау туралы заңда көзделген құқықтар мен міндеттерді толық көлемде иеленеді. 

Электрондық сайлау жүйесін пайдалана отырып дауыс беруге арналған үй-жайда ортсайлауком белгілеген тәртіппен электрондық сайлау жүйесіне қызмет көрсетуге рұқсат алған маман қатыса алады. 

Сайлау туралы заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, электрондық сайлау жүйесіне қатысты іс-әрекетті кімнің болса да, жүзеге асыруына тыйым салынады. 

Электрондық дауыс беруге және дауыстарды санауға кедергi келтiретін техникалық ақаулар туындаған жағдайда, сайлау комиссиясы бағдарламаны қайта қосу туралы шешiм қабылдауға құқылы, ол хаттамамен ресiмделедi және оған сайлау комиссиясының мүшелерi қол қояды. Бұл шешiмнiң орындалуы электрондық сайлау жүйесiн пайдалануды қамтамасыз ететiн маманға жүктеледi. 

Жабдықтардың техникалық жай-күйі сайлауды тиісінше өткізуге мүмкіндік бермеген жағдайда, тиісті сайлау учаскесінде дауыс беру қағаз бюллетеньдермен өткізіледі. 

Дауыстарды санау сайлау туралы заңда белгіленген уақытта басталады, бiрақ ол осы учаскедегі дауыс беруге арналған барлық құрылғылардағы деректер электрондық сайлау жүйесiне енгізілмей тұрып басталмауға тиіс.