Сайлау алдындағы үгіт

 

Сайлау алдындағы үгіт кандидаттар тiркелген мерзім аяқталған кезден басталып, сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

Сайлау алдындағы үгіт - сайлаушылардың қазақстан республикасы парламенті мәжілісі депутаттарының сайлауына партиялық тізімін ұсынған белгілі бір саяси партияны немесе белгілі бір мәслихат депутаттығына кандидатты жақтап немесе қарсы дауыс беруге қатысуына түрткі болу мақсатындағы қызмет.

Шетелдіктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың кандидаттарды, саяси партияларды ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгiлi бір нәтижеге қол жеткiзуге кедергі болатын және (немесе) демеп жіберетін қызметті жүзеге асыруына тыйым салынады.