Cайлау органдары


Қазақстан Республикасында сайлауды әзiрлеу мен өткiзудi ұйымдастыратын мемлекеттiк сайлау органдары сайлау комиссиялары болып табылады.

Сайлау комиссияларының бiртұтас жүйесiн мыналар құрайды:

1) Республиканың Орталық сайлау комиссиясы;

2) аумақтық сайлау комиссиялары;

3) учаскелiк сайлау комиссиялары.

Аумақтық сайлау комиссияларын – Орталық сайлау комиссиясы, ал учаскелiк сайлау комиссияларын тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары құрады.

Орталық сайлау комиссиясын қоспағанда, сайлау комиссияларының құрамдарын тиісті мәслихаттар қалыптастырады.

Сайлау комиссияларының өкілеттiк мерзiмi бес жылды құрайды.