Байқауды жүзеге асырудың басшылық қағидаттары

 

Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары қазақстан республикасының егемендігін тануға және құрметтеуге, қазақстан республикасының конституциясы мен қазақстан республикасы заңдарының талаптарын сақтауға тиіс.

  • Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары:
  • Жеке басы мен аккредиттелгенін куәландыратын құжаттарын өздерімен алып жүруге;
  • Сайлау процесіне, сайлау комиссиясының дауыстарды санау және шешім қабылдау рәсіміне араласпауға;
  • Cайлау комиссияларының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасамауға;
  • Сайлау учаскесiнде тиiстi сайлау комиссиясы белгiлеген мінез-құлық ережелерiн сақтау жөнiндегi сайлау комиссиясы мүшелерiнiң талаптарын орындауға;
  • Алаламауға, нақты кандидатқа артықшылық бермеуге;
  • Сайлау туралы заңның және қазақстан республикасының өзге де заңдарының талаптарын сақтауға міндетті.