image 9

Армения Республикасы ОСК-ның шақыруымен 2018 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының өкілдері Армения Республикасы Ұлттық Жиналысының депутаттарын өткен кезектен тыс сайлауға байқаушылар ретінде қатысты.

Қазақстан Республикасының Ортсайлауком-ынан делегация құрамына ҚР ОСК Төрағасының орынбасары К.В. Петров және «ҚР ОСК Инженерлік-техникалық орталығы» РМК директоры Е.С. Қосмұратов енді.

Жоғарыда аталған сайлауды байқауға барлығы Қазақстан Республикасының 11 өкілі қатысқанын атап өту қажет. Сайлау күні Қазақстан Республикасының өкілдері дауыс беру барысын, дауыстарды санауды және сайлау қорытындыларын шығаруды байқау мақсатында Армения Республикасының түрлі өңірлері мен астанасындағы 50-ден астам сайлау учаскесінде болды.

Жалпы біздің байқаушылар электоралдық науқанның ұйымдастырылған деңгейде өткізілгенін, сондай-ақ сайлауды Арменияның сайлау комиссиялары қолданыстағы сайлау заңнамасына сәйкес дайындау мен өткізу үшін практикалық және техникалық шаралар қабылдағанын атап өтті.

image 9
image 9