image 9

2018 жылғы 29 қарашада Б. Имашевтың төрағалығымен облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының сайлау комиссиялары төрағаларының, төрағалары орынбасарларының және хатшыларының, өзге де мүдделі тұлғалардың қатысуымен бейнеконференцбайланыс режимінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы болып өтті. Отырыс алғаш рет «Қазақстан Республикасы ОСК Инженерлік-техникалық орталығы» РМК күшімен бейнеконференцбайланыс үшін қазіргі заманғы аппаратурамен қайта жабдықталып, жарақталған Ахуалдық орталықтың үй жайында өткізілді.

Ахуалдық орталық – бұл деректерді жинауға, шоғырландыру мен өңдеуге арналған технологиялық кешен. Оның негізгі мақсаты Орталық сайлау комиссиясының бүкіл қызметін, оның ішінде сайлауды ұйымдастырумен және оның нәтижелерін көрсетумен тікелей байланысты қызметін ақпараттық-бағдарламалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету болып табылады.

Ахуалдық орталық мәліметтерді қалыптастырып, оларға жедел өзекті сипат беруге, статистикалық және ақпараттық деректерге талдау жасауға, ахуалдың даму сценарийін болжамдап, оларды басқарып отыруға мүмкіндік береді, бұл ретте оның басты функцияларының бірі қордаланған ақпаратты қабылдауға ыңғайлы бейне-, аудио- және өзге де форматтарда визуалды түрде ұсыну болып табылады.

Ахуалдық орталықтың бейнеконференцбайланысы аумақтық сайлау комиссияларымен байланыс жасауға арналған. Залдағы бүкіл жабдықты бір оператордың жұмыс орнынан басқаруға мүмкіндік бар. Көрермендер үшін қайталаушы экрандар көзделген, сондай-ақ залда өткізілетін барлық іс шаралардың электрондық тасығыштарға жазып ала отырып, аудио- және бейне- хаттамасын жүргізуге болады.

image 9
image 9
image 9
image 9