27.03.2017 |
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
2017 жылғы 26 наурызда болған Қазақстан Республикасы
мәслихаттарының шығып қалған депутаттарының орнына сайлау қорытындылары туралы
Сайлау заңнамасына сәйкес 26 наурызда республиканың 12 өңірінде мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына 57 депутатты сайлау болды.
Сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге 13 облыстық, 9 қалалық, 36 аудандық, 58 округтік, 355 учаскелік сайлау комиссиясы жұмылдырылды.
Сайлау науқаны барысында барлығы 201 кандидат ұсынылды. Олардың 50-і облыстық, 32-сі – қалалық және 119-ы – аудандық мәслихаттарға дауысқа түсті.
62 үміткерді саяси партиялар ұсынды, 139-ы – өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылды.
Округтік сайлау комиссиялары мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар ретінде 188 адамды тіркеді.
Сайлау бюллетеньдеріне 170 кандидаттың тегі енгізілді.
Бір депутаттық мандатқа орташа бәсекелестік шамамен 3 үміткерді құрады.
2017 жылғы 26 наурызда 330 сайлау учаскесінде дауыс беру өткізілді.
Сайлаушылардың келуі 77,83 % құрады.
Дауыс беру қорытындыларына сай 12 облыстық, 9 қалалық және 36 аудандық мәслихат депутаты сайланды.
Дауыс беру барысы мен дауыстарды санау рәсімін байқауды кандидаттардың 398 сенім білдірген адамы, саяси партиялардың 289, қоғамдық бірлестіктердің 34 және БАҚ-тардың 51 өкілі жүзеге асырды.
Сайланған мәслихаттар депутаттарының құрамында 46 (80,7 %) ер адам және 11 (19,3 %) әйел адам.
Орташа жас – 46,5 жас.
Ең жас депутат (22 жас) Қарағанды облысының Бұхар жырау ауданы № 1 сайлау округінде сайланды. Ең үлкені (64 жас) – Тараз қаласы мәслихатының № 22 сайлау округінде.
Сайланған депутаттардың 54-нің (94,7 %) жоғары білімі бар, 3 (5,3 %) – арнаулы орта.
3 (5,3 %) – әкімдер мен мәслихаттар аппараттарының қызметкерлері. 28 (49,1 %) – мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда және кәсіпорындарда, 20 (35,1 %) – коммерциялық құрылымдарда жұмыс істейді, 6 (10,5 %) – саяси партиялар мен ҮЕҰ қызметкерлері.
Сайлау науқаны сайлау заңнамасы нормаларының талаптарына сәйкес өтті.
Сайлау уақыты ішінде Ортсайлаукомға 3 өтініш келіп түсті.
Оңтүстік Қазақстан облысының №11 сайлау округі бойынша мәслихаттың шығып қалған депутатының орнына өтетін сайлауда бір кандидат қалды. Сайлау заңнамасының кемінде 2 кандидаттың бәсекелестігі қағидатының сақталуына байланысты аталған округте сайлау болған жоқ. Бұл округте сайлауды өткізу туралы шешім республиканың сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес қабылданады.