16.03.2017 |
Баспасөз релизі
13-15 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі М.А. Сәрсембаевтың Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары болды
13-15 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі М.А. Сәрсембаевтың Оңтүстік Қазақстан облысына учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерінің арыздары мен ұсыныстарын қарау бойынша жұмыс сапары болды.
Оның барысында М.А. Сәрсембаев облыстық сайлау комиссиясының басшылығымен және мүшелерімен, Шымкент қаласының учаскелік комиссияларының мүшелерімен кездесті, учаскелік сайлау комиссияларының сайлауаралық кезеңдегі, сондай-ақ сайлау науқандарының барысындағы қызметін ұйымдастыру жөніндегі өтініштері мен ұсыныстарын қарады, сайлаушылар тізімін өзектендіру жөніндегі жоспарлы жұмыс барысымен танысты.
Сондай-ақ М.А. Сәрсембаев Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.К. Түймебаевпен, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы А.Е.Тұрғынбековпен, облыстық білім беру басқармасының басшысы міндетін атқарушы Е.М. Бұрхановпен кездесу барысында осы мәселелерді талқылады. Осы кездесулердің қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қарауының мәні болуы мүмкін, сайлау науқандары кезеңінде Оңтүстік Қазақстан облысы сайлау комиссияларының мүшелері болып жұмыс жасайтын мұғалімдерге еңбекақы төлеу шарттарын жақсарту бойынша ұсыныстар тұжырымдалды.